Білім

Қазақстанда әр өңірде жаңа мамандықтар атласы дайындалады

-->

Мамандығым – болашағым» жобасы аясында әр өңірде жаңа мамандықтар атласы дайындалады. Ол бағдарлама былтыр Павлодар облысында ілкі жоба ретінде іске асырылды. Енді әр өңірдің өңірлік атласы, әр саланың атласы болады. Әр балаға, әр отбасына нақты еңбек нарығының талабы, сұранысы, еңбек нарығы ұсынатын мамандықтар тізбесі беріледі. Біздің жоғары оқу орындарымыз жаңа білім беру бағдарламаларын осы атластармен, яғни еңбек нарығының талабымен ұштастырады, - деді Саясат Нұрбек.