Білім

Еліміздегі мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелері үйретілетін болды

Жиында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында жолдарда балалардың жарақат алуын азайтуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу жоспарланып отырғанын қосты.

-->

Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жол қозғалысы ережелерін оқуды білім беру бағдарламасына міндетті түрде енгізу, бұл жұмысқа жұмыс істеп жүрген инспекторларды тарту мәселесін қарастырсын, - деді Әлихан Смайылов.

Жиында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында жолдарда балалардың жарақат алуын азайтуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу жоспарланып отырғанын қосты.

Барлық өңірлерде жол белгілерінің, таңбалардың болуы, бағдаршамдардың жұмысқа жарамдылығы тексерілетін болады. Сондай-ақ мектеп автобустарының балаларды тасымалдауға рұқсаты тексеріледі. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, мектептерде өрт, жер сілкінісі, лаңкестік әрекеттер жағдайларында қалай әрекет ету керектігі жөнінде арнайы сабақтар өткіземіз. Сонымен қатар, полиция қызметінің басшылары мектептерде қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша сабақтарды ұйымдастырады, - деді Ішкі істер министрі.