Білім

Елімізде 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді – Саясат Нұрбек

Сондай-ақ республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалды.

 

 

-->

ЖОО-да 623 839 адам оқиды (бакалавриат – 575 511 адам, магистратура – 36 483 адам, докторантура – 5 924 адам). Профессор-оқытушылар құрамының саны – 36 378 адам, 48% ғылыми дәрежесі бар. 2022-2023 оқу жылына күтілетін студенттер контингенті - 609,5 мың адам, оның ішінде қабылданатыны - 164 300 адам. 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс көлемі - 88 214 орын, бакалавриатта - 73 061, магистратурада - 13 263, докторантурада - 1 890 орын, оның ішінде 42 303 грант немесе 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінген, - деді министр.

Сондай-ақ республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалды.

«Серпін» жобасына 3 653 грант, шетел азаматтарына 490 грант, оның ішінде 150 грант Орталық Азия елдерінің азаматтарына, 100 орын – Ислам ынтымақтастығы ұйымдары елдерінің азаматтарына қарастырылды. Жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейінде стипендия 20%-ға (31 423 теңгеден 36 660 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде педагогикалық бағыттағы студенттер үшін 50 мың теңгеден бастап 58 800 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, магистратура және докторантура  15%-ға (76 950 теңгеден 86 987 теңгеге дейін және тиісінше 172 500 теңгеден 195 000 теңгеге дейін) өсті, - деді С.Нұрбек.