Білім

Халықаралық рейтингте еліміздің үздік университеттері анықталды

Webometrics Ranking of World Universities - бұл университет сайтының және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін көрсеткішке негізделген әлемдік университеттердің жаһандық рейтингі.

Бұл рейтингке Қазақстанның 132 жоғары оқу орны қатысты. Еліміздің ТОП-5 үздік жоғары оқу орны қатарына Nazarbayev University, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кірді. Рейтингке педагогикалық жоғары оқу орындары да қатысты. Салалық білім берудің флагманы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының түрлі жоғары оқу орындары арасында 7 орынға ие болды.

Халықаралық рейтингтерге қатысу университетті жаһандық ғылыми кеңістікте орнықтыруға, халықаралық білім беру ортасына кіруге, білім беру және ғылыми-зерттеу процестерін халықаралық ережелер мен стандарттармен үйлестіруге, білім беру қызметінің сапасын арттыруға және өсудің жаңа мүмкіндіктерін табуға жол ашады.

Рейтингтер жоғары оқу орындарында серпінді ғылыми бағыттардың дамуын ынталандырады, білім беру сапасын арттырумен қатар олар студенттер мен талапкерлердің ғана емес, бүкіл қоғамның санасында көшбасшы болады. Ұлттық және халықаралық рейтингтерде жоғары орындарды иемденетін университеттерде еліміздің болашағы құрылуда.

-->