Білім

Елорда әкімдігі жоғары білім алуға 1 300-ге жуық грант бөледі

Қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек алу үшін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (Бейбітшілік көшесі, 9) хабарласу керек немесе құжаттарды электронды түрде https://egov.kz веб-порталындағы «электрондық өтініш» бөлімі арқылы тапсыру қажет.

Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесі үшін 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен (190 088 теңге) аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде ақшалай төлем түрінде тағайындалады. Толық ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан оқуға болады.

-->

Білім алу және түлектердің одан әрі жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасаудың маңызы өте зор. Мәселен, жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1 300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отырмыз, одан бөлек әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған.

Аталған әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетеміз. Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім балалар, балалар үйінің түлектері, бала күнінен мүгедек, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар және т.б. арасында бөлінетін болады.

Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі: биотехнология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезия және картография (web-картография), сәулет (BIM-менеджер жобалаушы), мектепке дейінгі оқыту, жерге орналастыру-агроинженерия, инженер, жалпы медицина, педагогика, IT маманы, әлеуметтік жұмыс, жылу энергетикасы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, электр энергетикасы және т.б., – деп жазды А.Көлгінов.