Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада бес пәннен 21 медаль жеңіп алды
Министр атап өткендей, биологиядан халықаралық олимпиаданың қатысушылары 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алып, былтырғы нәтижесін жақсартқан. Былтыр 1 күміс және 2 қола медаль, сондай-ақ бір Құрмет грамотасын алған болатын. Ал зияткерлік сайысқа қатысқан жас химиктеріміздің жұмысын өте жоғары бағалауға болады. Олар 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды. Оның үстіне бұл 2017 жылдан бергі алғашқы «алтын» болды.
-->Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз 5 пәннен 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар. Яғни 23 қатысушының 21-і жүлделі орынға ие болды. Бұл жерде ең беделді халықаралық олимпиадалар туралы айтып отырмыз. Биыл тұңғыш рет Президенттің қолдауының арқасында оқушыларымыз 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алып, ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады. Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO) Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды. Командамыз 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Командалық есепте еліміз 17-орында, ал бұл - 12 жылдағы үздік көрсеткіш. Физикадан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз 1 алтын, 4 күміс медаль иеленді. Бұл - соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Былтыр команданың қоржынына 5 күміс түскен болатын. Географиядан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болдық, - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Министр атап өткендей, биологиядан халықаралық олимпиаданың қатысушылары 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алып, былтырғы нәтижесін жақсартқан. Былтыр 1 күміс және 2 қола медаль, сондай-ақ бір Құрмет грамотасын алған болатын. Ал зияткерлік сайысқа қатысқан жас химиктеріміздің жұмысын өте жоғары бағалауға болады. Олар 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды. Оның үстіне бұл 2017 жылдан бергі алғашқы «алтын» болды.
Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр командамыз 3 күміс және 1 қола медальмен марапатталған болатын. Барлық бағытта оң өзгеріс бар екенін байқауға болады. Бұл балаларымыздың дайындық деңгейін көрсетеді. Алдағы уақытта информатика мен лингвистикадан олимпиада өтеді. Оқушыларымыз еліміздің намысын абыроймен қорғайтынына сенімім мол. Оқушыларымызды жеткен жетістікпен құттықтаймын. Қолдау көрсеткен ата-аналарына және кәсіби шеберлігі үшін әріптестеріме де алғыс айтқым келеді, - деп сөзін түйіндеді Асхат Аймағамбетов.