Елімізде жас геологтердің ашық далалық олимпиадасы басталды
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының астанасы мен аймақтарынан келген 7-11 сынып оқушылары қатысуда. 2010 жылы өткен 1-ші Қазақстандық олимпиадаға небәрі 8 команда қатысқан болатын. Ал, биылғы VI Олимпиадаға қазірдің өзінде 15-тен астам командалар қатысуда, олардың ішінде Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы), Беларусь және Өзбекстан сияқты елдердің командалары бар екенін айта кету керек. Жас геологтар командаларының саны ғана көбейіп қоймай, сонымен қатар олардың дайындық деңгейінің жоғарылағаны байқалды.
Айта кетейік, «Балалар жылы» қарсаңында, жарысқа қатысушылардың алдыңғы орындарға ие болғандарына Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға үш грант беруді жоспарлап отыр.
«Жас геолог» ҚК Геология комитетінің қолдауымен 2012 жылдың қаңтарында құрылды. Қордың негізгі міндеті ерте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу, жас геологтардың қазақстандық далалық олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу, жас геологтар үйірмелерінің желісін кеңейту, дарынды жастарды қолдау болып табылады.
-->Олимпиадаға Қазақстан Республикасының астанасы мен аймақтарынан келген 7-11 сынып оқушылары қатысуда. 2010 жылы өткен 1-ші Қазақстандық олимпиадаға небәрі 8 команда қатысқан болатын. Ал, биылғы VI Олимпиадаға қазірдің өзінде 15-тен астам командалар қатысуда, олардың ішінде Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы), Беларусь және Өзбекстан сияқты елдердің командалары бар екенін айта кету керек. Жас геологтар командаларының саны ғана көбейіп қоймай, сонымен қатар олардың дайындық деңгейінің жоғарылағаны байқалды.