ҰБТ-да 51 мыңға жуық түлек шекті балл жинай алмаған
Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Биыл апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш берілді, оның ішінде 318 өтініш қанағаттандырылды.
-->Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы, яғни 33%-ы шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 66 балды құрады. Биыл ең жоғары балл – 139. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады, - деді спикер.
Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Биыл апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш берілді, оның ішінде 318 өтініш қанағаттандырылды.