Білім

2026 жылға қарай 191 ауыл мектебі NIS әдістемесімен оқиды

Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықтықты азайтуда NIS әдістемесі нәтиже бере бастады. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлады Elorda.info

Оның айтуынша, «Ауылды аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасында Назарбаев ияткерлік мектептері 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде.

Сондай-ақ Әнуар Жанғозин NIS әзірлеген әдістемемен оқып жатқан 17 ауылдағы мектеп оқушыларының үлгерімі артқанын жеткізді. 

Сондай-ақ ауыл оқушылары қалада оқитын қатарластарынан қалмай робототехника олимпиадаларына, пәндік сайыстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. 

Биылғы NIS-тің дәстүрлі Наурыз кездесулерінде ауылдан шыққан 13 оқушы 3D биопринтинг, ақылды протездер және биоинтерфейс саласындағы ғылыми жобаларын ұсынған.

-->

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зияткерлік мектептер жалпы білім беретін мектептермен бірлесе отырып, қала мен ауыл білімі арасындағы айырмашылықты азайтуға негізделген маңызды стратегияны жүзеге асыруда. Ауыл мектептеріндегі білім сапасының өзектілігі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2020 жылы ауыл мектептерін қолдау бойынша жобаларын бастауына негіз болды, – деді Әнуар Жанғозин «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында. 

Оның айтуынша, «Ауылды аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасында Назарбаев ияткерлік мектептері 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде.

Бірінші бағыт мектептің қазіргі жағдайы мен негізгі процестерін толық диагностикалау мен зерттеуді қамтыса, екінші бағыт әр мектептің анықталған проблемалары негізінде толық әдістемелік қолдау көрсету. Ал үшінші бағыт – мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға негізделген, - деді ол. 

Сондай-ақ Әнуар Жанғозин NIS әзірлеген әдістемемен оқып жатқан 17 ауылдағы мектеп оқушыларының үлгерімі артқанын жеткізді. 

Жобаның басталғанына бір жылға жуықтады, оның тиімділігін қазірден көріп отырмыз. Пәндік білім мониторингінің қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары математика және қазақ тілі пәндерінен үлгерімдері жақсарғанын көрсетіп отыр. Ал 8-сынып оқушылары 9 пәннің 7-еуінен оң динамиканың бар екен көрсетеді. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген зерттеулердің нәтижелері. Біз осы бағытта мектептермен жұмысты жалғастырамыз, - деді ол. 