Білім

2025 жылға қарай балабақшаларда 223 мың орын ашылады

Жыл басынан бері елімізде 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Олардың 3-еуі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша. Бұл туралы брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты

Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30%-ға көтеріледі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу жүзеге асырылады. Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

-->

Олардың 3-еуі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша. Бұл туралы брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты

Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 мың орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда балабақшаларға қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс істеу. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ, 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзыреттілік орталықтары» тұрақты негізде жұмыс істейді, - деп атап өтті Н.Жұмаділдаева.