«Қазақстан халқына» қоры студенттердің оқу ақысын төлейді
Жақында «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев студенттерге арналған білім гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бағдарламаны таныстырды. Қор хабарлағандай, білім беру саласының өкілдері бұл бастаманы жылы қабылдаған.
Олар сондай-ақ Қамқоршылық кеңес пен қор басқармасы осы бағдарламаны жаңа оқу жылының басында іске асыруға ниетті екенін айтты.
Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биыл ЖОО студенттері үшін 73 мыңға жуық грант және колледж оқушылары үшін 140 мыңнан астам грант бөлінеді.
Аружан Даиргелденова,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті
-->Жақында «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев студенттерге арналған білім гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бағдарламаны таныстырды. Қор хабарлағандай, білім беру саласының өкілдері бұл бастаманы жылы қабылдаған.
Іріктеу критерийлері, қайырымдылық көмек көрсету тетіктері мен әдістері Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының белсенді қатысуымен пысықталатын болады. Қызмет барысы туралы әлеуметтік желілердегі қор парақшаларына уақтылы хабарлайтын боламыз, - деп мәлімдеді «Қазақстан халқына» қорының өкілдері.