Білім

ҰБТ: Алғашқы аптада 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

Бірінші аптада ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 69 бала қатысты. Биыл ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тест тапсырмаларын орындауға негізгі 240 минуттан бөлек қосымша 40 минут берілген. Сонымен қатар, олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды.

ҰБТ-ның алғашқы аптасында шекті балды 69%-ға жуық талапкер жинады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 5%-ға жоғары. Орташа балға келетін болсақ, ол 65 балды құрады.

Жалпы негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық адам өтініш берді. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 2022 жылғы 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Бұл ретте талапкерлер тестілеу орны мен уақытын өздері таңдады.

Биыл талапкерлерге ыңғайлы болу үшін алғаш рет ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданатын болады. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберіледі.

Академиялық адалдықты сақтау мақсатында талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланатын болады. Яғни ҰБТ-ның әрбір қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан шығаруға талпынған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, олардың нәтижелерін жояды.

Бүгінгі таңда 22 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ға кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Биыл тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша өтеді. Егер бұған дейін тестілеу процесін әр компьютердің жоғарғы жағынан бақылап отыратын бір камера ғана болса, енді тестіленушінің жеке басын сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.

Айта кетейік, талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

-->

Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына ең жоғары нәтижесін ұсына алады.  Бұл түлектер үшін одан да ыңғайлы моральдық жағдайды қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар, наурыз айындағы ҰБТ-дан бастап енгізілген жеке тақырыптық талдау ҰБТ-ның екінші мүмкіндігіне жақсы дайындалуға көмектеседі. Талапкерлердің жеке кабинетінде нәтижесі бар сертификат қана емес, сондай-ақ әр пәннен барлық тақырып бойынша талдау қолжетімді.  Жеке тақырыптық талдау тестіленушіге әр тақырыпты меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.