Білім

«Болашақ» бағдарламасына жаңадан 40 мамандық қосылды

Оның айтуынша, техникалық бағыттағы мамандықтар 30%-ға кеңейтілген.

Әнуар Жанғозин 2022 жылы шетелдік университеттерде білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы академиялық оқуға арналған 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге арналған 158 мамандық кіргенін атап өтті.

Тізімді халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан қарауға болады.

-->

Биыл еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне 40 жаңа мамандық қосылды. Олар инновация, жаңа технология, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдарымен байланысты. Осы ретте 17 мамандықтың атауы кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылды, ал 23-і жаңа мамандық ретінде енгізілді, – деп жазды Әнуар Жанғозин Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, техникалық бағыттағы мамандықтар 30%-ға кеңейтілген.

Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түскен 70-ке жуық өтінімге талдау жасады. Кадрлық нарықтың орта мерзімді болжамын ескерді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткізілді, - деді орталықтың басқарма төрағасы.