Білім

Биыл университеттерге берілетін гранттардың саны артады

Айта кетейік, гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылады. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады. 

Оқи отырыңыз: Елімізде бұрын-соңды оқытылмаған 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды

Студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.

-->

Президенттің қолдауының арқасында мектеп түлектерінің бюджет есебінен оқуға мүмкіндігі артып келеді. Колледждерде білім алу үшін биыл білім беру гранттарының саны да рекордтық көрсеткішке, яғни 31 мың грантқа дейін ұлғайып отыр. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша беріледі. Сондай-ақ біз емтихандарды алып тастадық және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін арнайы квоталарды енгіздік. Гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Яғни бұл жерде «ақша студенттің соңынан ереді» қағидасы жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ең бастысы – еңбек нарығының сұранысына сай болу, - деді Асхат Аймағамбетов.