Білім

Қазақстанда OYLA ғылыми-танымдық журналы жабылады

Журналдың бас редакторы Гамзат Бияровтың айтуынша, қағаз бен басқа да компоненттердің қымбаттауы журналдың жабылуына себепті болған. Алайда журнал тек Қазақстанда жабылады, басқа елдерде жұмысын жалғастырады.

Журнал Қазақстандағы жұмысын тоқтатады. 

Редакцияның ресми мәлімдемесінде журналдың оқырмандар алдындағы барлық міндетін орындап, соңғы нөмірдің ақшасын қайтарып беретіні туралы жазылған. Оқырмандар архивтік шығарылымдарын сатып ала алады.

Еске салсақ, OYLA журналы 2015 жылы жұмысын бастап, ғылым туралы қазақ тілінде шығатын алғашқы басылымдардың бірі болды. 2018 жылы ол халықаралық нарыққа шыға бастады. Жабылғанға дейін ол 15 елде шығып, ал оның жалпы аудиториясы 300 мыңнан асқан болатын.

-->

Бастапқыда біздің қолымыздан ештеңе келмейді деп айтқан еді. Нарық жоқ, бәрі интернетте отырады, оқырман табылмайды, жеткізу қызметі мен басып шығару қымбат деген сөздерді көп естідік. Бірақ біздің қолымыздан келді. OYLA – жай ғана журнал емес. Біз сол арқылы ғылымға ғашық жандардың ортақ кеңістігін құрдық. Оқырмандарымыздың Лондоннан Таразға дейін, Алматыдан Сеулге дейін, Нью-Йорктан Канберраға дейін қаншалықты көп екенін көрдік, – делінген редакцияның мәлімдемесінде.

Журнал Қазақстандағы жұмысын тоқтатады. 

Біз жобаны қайта қарап жатырмыз, бәлкім басқаша формада қайта ұйымдастыруымыз мүмкін, – деп атап өтті Бияров.