Білім

Колледждер бағдарлама мазмұны мен оқу мерзімін дербес айқындайтын болды

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес колледждерге академиялық дербестік берілгенін айтты. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды. 

-->

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес колледждерге академиялық дербестік берілгенін айтты. 

Бұрын біз әр түрлі біліктіліктер бойынша оқыту мерзімдерін қатаң реттеп, белгілеп келдік. Орташа алғанда 2 жылдан 4 жылға дейін. Бүгінде бұл норма «Білім туралы» заңнан алынып тасталды. Енді бұл нақты білім беру бағдарламалары мен қажетті оқыту нәтижелерімен байланысты болады, - дейді Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды. 

Яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалды. Оған сараптамадан өткен сапалы бағдарламалар ғана енеді. Биыл 4 мың білім беру бағдарламасы сараптамадан өтеді, - деп түсіндірді БҒМ өкілі ОКҚ алаңында.