Баланың 1-сыныпқа қабылдануы үшін қандай құжаттар қажет
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Баспасөз орталығында өткен брифингте елорданың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.
Ресми деректер бойынша, жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда алғаш рет 26 мың бала партаға отырады. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бойынша қабылдау комиссиясы ұйымдастырылған. Білім беру ұйымдары жас астаналықтарды тұрғылықты жері бойынша алты жастан бастап дайындық деңгейіне қарамастан қабылдайды.
-->Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Баспасөз орталығында өткен брифингте елорданың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.
Ресми деректер бойынша, жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда алғаш рет 26 мың бала партаға отырады. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бойынша қабылдау комиссиясы ұйымдастырылған. Білім беру ұйымдары жас астаналықтарды тұрғылықты жері бойынша алты жастан бастап дайындық деңгейіне қарамастан қабылдайды.
Ата-аналар құжаттарды электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру ұйымдарына тапсырады. Құжаттар тізбесіне: ата-аналардан (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан) өтініш; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; «Баланың денсаулық паспорты» бойынша денсаулық жағдайы туралы 026/у-3 құжаты; денсаулық жағдайы туралы 063/у құжаты; 3х4 екі фотосурет кіреді, - деп қорытындылады Қасымхан Сенғазыев.