Бірғаным Батырбек – халықаралық спорттық бал биінің лауреаты
Бірғанымды биге әжесі апарған. Алғашқыда балетке, хип-хопқа, ұлттық биге қатысқанымен, таңдауы спорттық биге түскен.
Анна Владимировна 7 жасымнан бері осы би түріне жаттықтырып келеді. Бастапқы 5 жыл бойы өзім ғана биледім. Өйткені биге баратын ұлдар аз әрі біраз уақыттан соң кетіп қалады. 10 жасымда жаттықтырушым жұп болып билеуді ұсынды. Қазіргі жұбым Никитамен билеп келе жатқаныма биыл жарты жыл толады, – деді биші қыз.
Ол бос уақытында фантастикалық жанрдағы кітаптарды оқиды.
Қазір Бірғаным сәуірде Англияда өтетін байқауға дайындалып жатыр.
Болашақта қай мамандықты таңдайтынымды әлі ойланбадым. Бірақ жеке би-студиямды ашқым келеді. Себебі би – менің өмірім. Сол үшін басқа кішкентай балаларды осы би түріне үйреткім келеді. Ал көпшілігі «би туралы айта бастағанда сен өте бақытты көрінесің» деп айтып жатады.
Анасы Динаның айтуынша, Бірғанымның есімін әжесі қойған.
-->
Бірғанымды биге әжесі апарған. Алғашқыда балетке, хип-хопқа, ұлттық биге қатысқанымен, таңдауы спорттық биге түскен.
Осы би түрі жаныма жақын болды. Себебі ішкі дүниемдегі барлық эмоциямды билеп көрсетемін. Алғашқы рет жарысқа қатысқанда екінші орын алып қалдым. Сол кезде әділетсіздікке ашуландым. Ішімнен «қалай да алғашқы орынды алатын боламын» деп өзіме мақсат қойдым. Содан бері бимен күнделікті айналысып келемін.
Анна Владимировна 7 жасымнан бері осы би түріне жаттықтырып келеді. Бастапқы 5 жыл бойы өзім ғана биледім. Өйткені биге баратын ұлдар аз әрі біраз уақыттан соң кетіп қалады. 10 жасымда жаттықтырушым жұп болып билеуді ұсынды. Қазіргі жұбым Никитамен билеп келе жатқаныма биыл жарты жыл толады, – деді биші қыз.
Ол бос уақытында фантастикалық жанрдағы кітаптарды оқиды.
Қазақ жазушыларымен қатар, әлем әдебиеті де ұнайды. Бірақ нақты бір авторды жақсы көремін деп айта алмаймын. Достарымның көпшілігі бишілер болғандықтан, олармен ортақ әңгімеміз көп. Көпшілігі маған «бәріне қалай үлгересің?» деп таңғалып жатады. Тайм-менеджментті дұрыс меңгеру керек. Сол кезде бәрі оңай болады деп ойлаймын, – деді Бірғаным.
Қазір Бірғаным сәуірде Англияда өтетін байқауға дайындалып жатыр.
Кез келген елде ең керемет өнер көрсететін биші жоқ. Дегенмен Ресей бишілерінің техникасы мықты. Біз шетелге шыққан кезде шеберлік сыныптарына қатысуға тырысамыз. Қазақстанға арнайы келіп, сабақ үйрететіндері де бар.
Болашақта қай мамандықты таңдайтынымды әлі ойланбадым. Бірақ жеке би-студиямды ашқым келеді. Себебі би – менің өмірім. Сол үшін басқа кішкентай балаларды осы би түріне үйреткім келеді. Ал көпшілігі «би туралы айта бастағанда сен өте бақытты көрінесің» деп айтып жатады.
Анасы Динаның айтуынша, Бірғанымның есімін әжесі қойған.
Қызым өте бауырмал. Үйде әпкесімен жиі сырласады, кішкентай бауырының сабағына көмектеседі. Сосын бәрі бірге ойнайды. Көбінесе үйде болғанда тәтті пісіреді және тоқыма тоқиды. Билегенді жақсы көреді. Болашағын бимен байланыстырады деп ойлаймын, – деді анасы.