Елордада «Мұхтар Әуезовтің рухани шәкірттері» атты ғылыми жобалар байқауы өтті
Шараның мақсаты – оқушыларды жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, зерттеу. Байқаудың ұйымдастырушы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия басшысы Базаркүл Сыздықованың айтуынша, шара «Балалар жылы» аясында өткізіліп отыр.
Байқауға арнайы қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, Мемлекет тарихы институтының қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары шақырылды.
Шараға қатысқан қонақтар М.Әуезовке арналған сахналық композицияны тамашалап, қорытынды әдеби-әуезді кешке қатысты. Қатысушылар 3 секция бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Атап айтсақ, Мұхтар Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны, тарих және әлем әдебиеті.
Конкурстың жеңімпаздары мен дайындаған жетекшілері дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айзада Жайыққызы
-->Шараның мақсаты – оқушыларды жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, зерттеу. Байқаудың ұйымдастырушы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия басшысы Базаркүл Сыздықованың айтуынша, шара «Балалар жылы» аясында өткізіліп отыр.
Жазушы, драматург, профессор, публицист Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай әрі «Балалар жылында» І қалалық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырып отырмыз. Оқушылар жобаны үш секция бойынша қорғайды. Онлайн форматта өткен ғылыми жобалар конкурсының алғашқы кезеңіне қаладағы 98 білім беру мекемесінен 150 оқушы өз жобаларын ұсынды. Екінші кезеңге 60 оқушы өтіп, қорытынды кезеңге жолдама алды. Демеушілеріміздің арқасында жеңімпаздарға ноутбук, 2 планшет, 3 телефон және құлаққаптар сыйға беріледі. Ал оқушылардың жетекшілері ғылыми конференцияға қатысып, бір-бірімен тәжірибе алмасады, – дейді мектеп басшысы.