Білім

Қаңтардағы ҰБТ-ға 100 мыңнан аса оқушы қатысты

Апелляция 14-23 ақпан аралығында қаралған.

Ұлттық тестілеу орталығы басшысының дерегінше, қаңтардағы ҰБТ-ға 103 886 оқушы өтініш берген. Қатысушылардың саны 101 600 адамды (97,8%) құрады. Олардың 95,1%-ы осы жылғы 11-12 сынып оқушылары, 4,3%-ы ЖОО-ға шартты негізде қабылданған І курс студенттері болды.

ҰБТ-ны тапсырушылардың 78,3%-ы (79 581) мемлекеттік тілде тапсырса, 21,5%-ы (21 855) орыс тілінде және 0,16% (164) тестіленуші ағылшын тілінде тапсырды.

-->

Биыл қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау 24 желтоқсан мен 21 қаңтар аралығында жүргізілді. Бастапқыда ҰБТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар-10 ақпан аралығы болатын. Өкінішке қарай, елімізде ТЖ енгізілуіне байланысты мерзімі кейінге қалдырылып, 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілді, - деді орталық директоры.

Апелляция 14-23 ақпан аралығында қаралған.

Қаңтар ҰБТ-сы еліміз бойынша 42 UStudy базасында өтті. Биылғы басты қағидат – бұл «бір тестіленуші – екі камера – бір компьютер». Күніне екі легі болды. ҰБТ 24 күнге созылды. Сондай-ақ бір уақытта тестіленушілер 2 723 компьютерге отырғызылды. Яғни санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, компьютерлердің тек 50%-ын қолданысқа енгіздік, - деп атап өтті Емелбаев.