Елімізде Аризона университеті филиалының ашылуына қатысты қауесеттерді БҒМ жоққа шығарды
№1 қауесет
Филиал студенттеріне жағымсыз қасиеттер дарытылып, ЛГБТ+ қоғамдастықтың мүдделерін насихаттайтын болады
№2 миф
Ағылшын тілінде білім алған студенттер Қазақстанда жұмыс істей алмайды
№3 қауесет
Аризона университетінің беделі өте нашар, ол Қазақстанда қажет емес
№4 қауесет
Қазақстандық жастарға білім берудің еуропалық стандарттары қажет емес
№1 қауесет
Филиал студенттеріне жағымсыз қасиеттер дарытылып, ЛГБТ+ қоғамдастықтың мүдделерін насихаттайтын болады
Аризона университетімен қолжеткізілген уағдаластыққа сәйкес тәрбие ісі жөніндегі проректор Қазақстан тарапынан болады, тәрбие жұмысы Қазақстанның құндылықтарына, моральдық-этикалық ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Біздің ұлттық мәдени және моральдық құндылықтарымызға ешқандай қауіп төнбейтінін тағы да айтқым келеді. Шетелдік оқытушылар тәрбие процесіне тартылмайды, – деп сендірді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
№2 миф
Ағылшын тілінде білім алған студенттер Қазақстанда жұмыс істей алмайды
Ағылшын тілінің маңыздылығы өте жоғары екенін атап өткім келеді. Бүгінгі таңда барлық технологиялар, ғылыми әзірлемелер ағылшын тілінде ұсынылады, сәйкесінше егжей-тегжейлі ақпаратты бастапқы дереккөзден алу үшін ағылшын тілін білу өте маңызды деп ойлаймын, – деп жауап берді Аризона университетінің «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша түлегі Жандаулет Жаңбырбаев.
№3 қауесет
Аризона университетінің беделі өте нашар, ол Қазақстанда қажет емес
Аризона университетінде оқыған адам ретінде бұл университеттің беделі жақсы деп жауапкершілікпен айта аламын. Университет Америка Құрама Штаттары бойынша қоғамдық денсаулық сақтау рейтингінде сегізінші орында. Өз тәжірибемнен Аризона университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде практик және нағыз кәсіпқой профессорлар сабақ беретінін айта аламын. Солардың бірі – хирург Ричард Кармона, ол алғашқылардың бірі болып пассивті темекі шегудің зияны туралы айтқан. Оның арқасында әлем бойынша қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынды, – деді Аризона Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша түлегі Камила Тұяқбаева.
№4 қауесет
Қазақстандық жастарға білім берудің еуропалық стандарттары қажет емес
Неге кейбір мемлекеттер бай, басқалары кедей? Ойланып көрейікші. Бай елдер капиталы мен технологиясы болғандықтан қана бай емес, оларда адами капиталы дамыған. Бұл адами капитал сіздер балаларымызға қажет емес деп санайтын халықаралық оқыту стандарттарының арқасында ілгері жылжи алды. Осы процестің алғы шебінде болу мүмкін болса, неге «тарих жиегінде қалып», бәрін бақылауымыз керек, – деп жауап берді Аризона Университетінің «Экономика/Құқық» мамандығы бойынша түлегі Нұрсейіт Байжанов.