Премьер-министрдің орынбасары мамандық таңдау 7-сыныптан басталатынын айтты
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, Павлодар облысында «Жаңа мамандықтар атласы» бойынша пилоттық жоба апробациядан сәтті өтіп жатыр.
-->Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, Павлодар облысында «Жаңа мамандықтар атласы» бойынша пилоттық жоба апробациядан сәтті өтіп жатыр.
Мен өткенде Павлодарға арнайы барып келдім. Бәрін қазір қарастырып, бүкіл Қазақстан бойынша тарататын боламыз. Ол жердегі негізгі сұрақтар мектептен басталады. 7 сыныптан бастап, балаларды дайындауымыз керек. Ол жерде ата-аналар дайындалуы керек. Ата-аналар ғана емес, сол өңірдегі ірі компаниялар дайындалуы керек. Болашақта кімдер оларға келеді. Германияда, мысалға, ата-аналар да, балалар да болашақта баласының кім болатынын мектеп қабырғасында жүргеннен бастап біледі, – деді вице-премьер.