Елордалық университетте қарттарға арналған тегін компьютерлік сауаттылық курсы ашылды
Университетте «Күміс университет» моделі аясында қарттарға арналған білім беру бағдарламалары бірнеше бағытта жүзеге асырылады, олардың қатарында қарым-қатынас пен саяхатқа арналған тілдік курстар; құқық, тарих, мәдениеттану және өнертану; сауықтыру бағдарламасы; «Күміс IT университеті» компьютерлік сауаттылық курстары бар.
ЕҰУ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлық технологиялар «I-EVOLUTIONS» кешенді бағдарламасын әзірледі. ІТ оқыту 4 бағыт бойынша қарастырылған: оқушыларға арналған курстар, IT бағыттағы түлектерді қайта даярлау курстары, орта мектептердің информатика мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
Компьютерлік сауаттылықты оқыту бағдарламасы екі айға есептелген. Сабақтар университет қабырғасында өткізіледі. Курс тыңдаушыларға мемлекеттік қызметтер порталы мен коммуникациялық жүйелерді пайдалануға, онлайн режимде банк операцияларын жасауға және таныстырылымдар жасау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Бірінші оқу сабағына 23 тыңдаушы қатысты. «Күміс IT университеті» тыңдаушыларының бірі экс-депутат Уәлихан Қалижанов жайлы өмір сүру үшін цифрлық дағдыларды игерудің маңыздылығы туралы айтып өтсе, 69 жастағы педагогика ғылымдарының кандидаты Далабай Байғожин қарттығына қарамастан партаға отырып, жаңа білім алу және жастармен тең болу мүмкіндігі туралы жаңалықты қуана қабылдады.