Білім

Қаңтардағы ҰБТ: Талапкерлердің 70 пайызға жуығы шекті балды жинаған

Айта кететіні, биыл алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт берілді. Сонымен қатар осы түлектер үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз және схемаларсыз тест нұсқалары арнайы әзірленді.

Былтырғы қаңтар айындағы ҰБТ-мен салыстырғанда тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттерінің саны да азайған. Смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 90 талапкер айырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге аз.

-->

Қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 102 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде түлектердің 78,3%-ы қазақ тілінде, 21,5%-ы орыс тілінде, 0,16%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 99 бала қатысты. Былтыр осы кезеңде көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған 33 талапкер тест тапсырған болатын, – делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кететіні, биыл алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт берілді. Сонымен қатар осы түлектер үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз және схемаларсыз тест нұсқалары арнайы әзірленді.

Қаңтардағы ҰБТ биылғы 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында 42 өңірлік тестілеу орталығында өтті. Тестілеу осымен екінші жыл қатарынан электронды форматта жүргізіліп келеді. Тестілеу кезінде талапкерлер сұрақтарға қайта орала алады және қағаз бланк толтыруға уақыт жұмсамайды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері жақсарып, орташа балл айтарлықтай өсті. Сондай-ақ электронды формат тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орнатылған камералардың арқасында тестілеу кезінде ереже бұзу фактілері де айтарлықтай азайды. Түлектердің басым бөлігі өзіне және өз біліміне сенетіні қуантады, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.