Білім

Балалар сабақтан себепсіз қалса, ата-анасына айыппұл салына ма

StopFake.kz порталының мәліметінше, бұл – жалған ақпарат.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдықтар енгізу жоспарланбаған.

 

-->

StopFake.kz порталының мәліметінше, бұл – жалған ақпарат.

Менің мектепте «Болашақ» бағдарламасын енгізуге қатысты сұрағым бар. Бізден баланың қандай емханаға тіркелгені туралы деректерді талап етуде. Сабаққа келген-келмегені туралы деректерді жинайды екен. Егер бала себепсіз келмесе, айыппұл салады. Бұл бағдарламаға қатысудан бас тартуға бола ма? - делінген желідегі хабарламада.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдықтар енгізу жоспарланбаған.

Біз бұл ақпаратты растамаймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.