Білім

«Болашақ» бағдарламасымен Ресейде оқудың маңызы бар ма

Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. Кейбіреулер «Болашақ» бағдарламасы арқылы мамандарды Ресейге жіберудің қажеті жоқ екенін айтса, қалған бөлігі бұл мәлімдеменің астарынан «ұлт қауіпсіздігін» іздеуде.

Осы орайда елорданың бас газеті – «Астана ақшамы» газетінің жанынан құрылған Elorda club пікірталас алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастаған білім саласының бірқатар маманы осы тақырыпта ой өрбіткен еді.

Алайда Абердин университетінің (Ұлыбритания) докторанты Гүлшат Түсіпова «Болашақ» бағдарламасымен Ресейде оқытудың аса маңыздылығы жоқ деп санайды. Оның айтуынша, оқуға талаптанатын жастың барлығы ағылшын тілін меңгеретіндіктен, тіл меңгеру аса кедергі емес.

Elorda club-тың басқа да қонақтарының ой-пікірлерін мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

-->

Қазіргі күні осы бағдарлама аясында біздің жастар әлемнің 27 еліндегі 207 университетте білім алып жатыр. Осы мемлекеттердегі университеттерге тағы да алдыңғы қатардағы техникалық мамандықты оқытатын Ресейдің 5 университеті қосылса, онда, әрине, мұнда ешқандай қауіп жоқ, керісінше, балаларға мүмкіндік көбейеді. Мысалы, сол британиялық университеттер немесе Американың, Францияның университеттері болсын, басқа да үздік университеттерді ешкім бөліп тастап жатқан жоқ. Президенттің айтып отырғаны бізге бүгінгі таңда техникалық мамандар, соның ішінде сапалы білім алып келетін кадрлар керек. Сондықтан осы тапсырма аясында үздік университеттердің қатарына көршілес мемлекеттің үздік техникалық университеттері қосылады. 207 университетке тағы да 5-10 университет қосылатын болса, ол, әрине, балаларға жаңа мүмкіндік ашады. Екіншіден, бұл баланы жетектеп апарып, сен оқығың келсе де, келмесе де осы университетте оқисың дегенді білдірмейді. Дәлел ретінде айтайын, алдыңғы жылы грант жеңіп алған 550 баланың тек 5-еуі Мәскеу мемлекеттік университетін таңдап алды. Біздегі ең басты мәселе – түлектерімізге ең үздік университеттерде оқуға мүмкіндік беру. Өйткені бізге техникалық мамандықтар керек. Бұл – ғылыми тұрғыда зерттелген, нарықтың сұранысына бағытталған таспырма, – дейді еліміздің бас мұғалімі.

Алайда Абердин университетінің (Ұлыбритания) докторанты Гүлшат Түсіпова «Болашақ» бағдарламасымен Ресейде оқытудың аса маңыздылығы жоқ деп санайды. Оның айтуынша, оқуға талаптанатын жастың барлығы ағылшын тілін меңгеретіндіктен, тіл меңгеру аса кедергі емес.

Көпшілігі «Ресейлік оқу орындарына жіберу тиімді, себебі тіл жағынан қиындық туындамайды» деген пікір айтып жатыр. Қазір оқуға талаптанатын жастардың барлығы ағылшын тіліне бет бұруда. Сондықтан ағылшын тілі бұл жерде үлкен бір кедергі емес. Бұл жерде арнайы бюджеттен ақша бөліп, ресейлік ЖОО-да оқытуды мақсат тұту дұрыс емес. Тағы бір айтылып жүрген «ресейлік оқу орындарына бакалавриатқа оқуға жіберуді жандандыру қажет» деген пікір бар. Мұның қаржылық жағын айтпағанда, саяси-идеологиялық тұсы бар. Шетелге ең жақсы оқу орындарына жіберілетін 17-18 жасар жастардың бо­йында белгілі бір идеологиялық ұстаным болуы қажет. Білім алу – әлеуметтік процесс. Ол қандай да бір адамның бойында белгілі бір көзқарасты қалыптастыра алады. Сондықтан бакалавриат бойынша балаларды оқуға жіберер алдында «біздің идеологияның компоненті қандай, олар мектептерімізде балаларға сіңіріліп жатыр ма?» деген сұрақтардың жауабын беретін зерттеулер жүргізуіміз керек. Асығыс шешім болмау керек, - дейді Гүлшат Түсіпова.

Elorda club-тың басқа да қонақтарының ой-пікірлерін мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.