Білім

Аттестациядан өткізу үшін мұғалімдерден ақша жинау тыйылмай тұр

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мекеме меңгерушісі қызметінен босатылған.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің дерегінше, мұғалімдер ұжымынан түрлі себептерге байланысты ақша жинау туралы анонимді арыздар келіп түседі екен. Бұған дейін құқық бұзушылықтар жайлы Түркістан және Алматы облысының мұғалімдері хабарлаған.

-->

24 тәрбиешіден балабақша меңгерушісінің мемлекеттік аттестациядан өту үшін ақша жинағаны туралы арыз келіп түсті. Қазір бұл мәселені жауапты органдар қарауда. Білім бөлімінің басшысының сөзінше, мекеме меңгерушісіне бұған дейін екі рет сөгіс жарияланған, - деді Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бөлімінің басшысы Сәуле Балтабаева. 