Ғылыми жобаларды қаржыландыратын байқаулар енді жыл сайын өткізіледі
Министрдің сөзінше, егер бұрын ғалымдар жалақыны байқаулар арқылы ғана алатын болса, енді жетекші ғалымдар тұрақты жалақы алады. Бұл 85 ғылыми ұйымның 1 200-ге жуық жетекші ғалымдарының жағдайын жақсартады.
Министр баяндағандай, мемлекет қолдауының арқасында ғылымды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Ғылыми жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстар 3 жылда бір рет емес, енді жыл сайын өткізіледі.
-->Министрдің сөзінше, егер бұрын ғалымдар жалақыны байқаулар арқылы ғана алатын болса, енді жетекші ғалымдар тұрақты жалақы алады. Бұл 85 ғылыми ұйымның 1 200-ге жуық жетекші ғалымдарының жағдайын жақсартады.
Бұған қоса еліміз үшін аса маңызды фундаменталды зерттеулермен айналысатын тарих және этнология институты, тіл білімі институты, математика институты, ядролық физика институты, әдебиет және өнер институты, философия және т. б. Институттардың ғалымдары енді жалақыларын тұрақты режимде алып, үздіксіз жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.
Министр баяндағандай, мемлекет қолдауының арқасында ғылымды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Ғылыми жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстар 3 жылда бір рет емес, енді жыл сайын өткізіледі.
Ғылыми зерттеу институттарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасады. Ғылымды басқаруда мемлекеттік ғылыми институттардың аудиті, ғылыми зерттеу институттарының басшылық құрамын қарау, бизнес пен қоғамды тартып, байқау кеңестерін құру және басқа да шаралар жүргізілетін болады, - дейді Асхат Аймағамбетов Үкіметте.