Білім

Депутатқа тіл тигізген ұстаз жауапқа тартылды

Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр жазда Білім басқармасы Facebook-те пост жариялап, Ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Амангелді Есіркеповты (облыстық мәслихаттың депутаты) зейнетке шығуымен құттықтаған. Ал желі қолданушыларының бірі жазбаның астына адамның ар-намысына тиетін пікір қалдырған. Оны көрген депутат сотқа арыз түсірген.

Осы іс бойынша Ауыл шаруашылығы колледжінің бұрынғы оқытушысы жауапқа тартылды. Ол алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. Ал прокурор ескертуінен кейін Есіркепов оны жұмыстан шығарып жіберген. Колледждің бұрынғы ұстазы өз кінәсін мойындаған жоқ. Әлеуметтік желіде пікір қалдырмағанын, тіпті жеке аккаунты жоқ екенін мәлімдеді.

Алайда сот жеке аккаунттың болғанын анықтады. Ал психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша пікірде жазылған сөздер шынымен де әдепсіз және адамның намысына тиеді.

Сот шешіміне сәйкес, алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы оқытушысы 50 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелді. Алайда рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды.

Бұдан бөлек, ол Амангелді Есіркеповке моральдық шығын үшін 100 мың теңге, ал заңгерлерге 500 мың теңге төлеп беруге тиіс.

-->