Дәстүрлі форматта оқитын студенттерден ПТР тесті талап етілмейді
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, білім беру мекемелерінде маска режимі сақталып, студенттерден ПТР тестін талап етуге жол берілмейді.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде 5 мыңнан астам студент жатақханада тұрады.
-->Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, білім беру мекемелерінде маска режимі сақталып, студенттерден ПТР тестін талап етуге жол берілмейді.
Карантин талаптарына сәйкес оқу орны ғимаратында, кітапхана және жатақхананың кіре берісінде Ashyq қосымшасының болуы және оны қолдану міндетті. Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдарды оқу ғимаратына кіргізуге болмайды. Сонымен қатар маска режимі сақталады. Және студенттерден ПТР тестін талап етуге жол берілмейді, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ОКҚ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде 5 мыңнан астам студент жатақханада тұрады.
Жоғары оқу орындары басқа қаладан келетін студенттерді жатақханаға орналастыруды алдын ала қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында университеттер профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді, студенттерді толық вакцинациялауға тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 18 жасқа толмаған және медициналық анықтамасы барларды есепке алғанда 81,3%-ы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94,6% (14 қаңтар) екпе алды, - дейді ол.