Білім

113 мың өтінім, 93 мың грант: Конкурс қорытындысы жарияланды

Қазақстанда биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты. Оның ішінде 160,5 мың түлек немесе 76%-дан астамы шекті балды еңсеріп, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болды. ҰБТ-ның орташа нәтижесі 69,42 балды құрады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ-да мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«2025 жылғы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Жалпы биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына 93 232 грант бөлінді. Оның 77 084-і – бакалавриатқа арналса, қалғаны магистратура мен докторантураға қарастырылған», - деді вице-министр брифингте.

Конкурс қорытындысында гранттардың 99%-ы игерілді.