Әскери қызметшілер қала күніне арнап флешмоб жасады
Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полициясының әскери қызметшілері Астана күніне ерекше сый жасады. Олар бүгін «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда өз флешмобын арнады, деп хабарлады Elorda.info.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілер еліміздің бас қаласына деген сүйіспеншілігін жүрек түрінде және «Астана» жазуы арқылы көрсетуге тырысқан. Осылайша елорданың орталығы ерекше көрініске бөленіп, қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті.
-->Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілер еліміздің бас қаласына деген сүйіспеншілігін жүрек түрінде және «Астана» жазуы арқылы көрсетуге тырысқан. Осылайша елорданың орталығы ерекше көрініске бөленіп, қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті.