Мәулен Әшімбаев елордадағы шахмат фестивалінің басталуымен құттықтады
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасоваға «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалінің басталуымен құттықтап, хат жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Шараны елорданың 25 жылдығына орай спортшы басқаратын Шахмат академиясы ұйымдастыруда.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев ойыншыларға да сәттілік тіледі.
Динара Сәдуақасова бүкіл шахматсүйер қауым үшін маңызды оқиғаға қолдау білдіріп, көңіл бөлгені үшін Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасына алғысын білдірді.
Айта кетейік, «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі әлемнің 16 елінен 800-ден астам ойыншының басын қосты. Тіркелушілердің едәуір бөлігін балалар құрайды.
-->Шараны елорданың 25 жылдығына орай спортшы басқаратын Шахмат академиясы ұйымдастыруда.
Мұндай халықаралық турнирлер еліміз үшін өте маңызды. Олар стандарттарды белгілейді, жаңа таланттарды ашады, бәсекелестік рухын нығайтуға және шахматшылардың спорттық шеберлігін дамытуға көмектеседі. «Астана жұлдыздары» фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен шахмат кәсіпқойлары мен әуесқойларын жинап, Қазақстанда шахматты одан әрі насихаттау мен дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін, - делінген хат мәтінінде.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев ойыншыларға да сәттілік тіледі.
Динара Сәдуақасова бүкіл шахматсүйер қауым үшін маңызды оқиғаға қолдау білдіріп, көңіл бөлгені үшін Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасына алғысын білдірді.
Мұндай фестиваль елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр, ол ірі халықаралық байқаулар стандарттары бойынша да ауқымды түрде өтіп жатыр. Мұндай іс-шаралар әрқашан шахматтың қанат жаюына серпін беріп, әуесқойлар арасында жаңа ойыншыларды қамтып, кәсіпқойларды ынталандырады. Осы спорт түрін дамытуға мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетіліп жатқанына шексіз ризамыз. Қазіргі таңда шахмат Қазақстанда, әсіресе балалар мен жастар арасында өзінің жаңғыруын бастан кешіруде. Егер осы спорт түріне жоғары деңгейде көңіл бөлінбесе, мұндай ауқымды қамту мүмкін емес болар еді деп ойлаймын, - деді шахматшы.
Айта кетейік, «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі әлемнің 16 елінен 800-ден астам ойыншының басын қосты. Тіркелушілердің едәуір бөлігін балалар құрайды.