Гаухар Брамлей-Фентон: Astana Marathon-да әлемдік рекордты жаңартқым келеді
Кеше ғана Астана қаласында дәстүрге айналған «Astana Half Marathon» өтті. Осы орайда Elorda.info тілшісі бұқаралық спортты дамытуға өте үлкен қосып жүрген «Аstana Marathon» жобасының басшысы Гаухар Брамлей-Фентонмен сұхбаттасқан еді.
-Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз?
-Мен Атырау облысындағы Балықшы ауылында дүниеге келдім. Кішкентай кезімізде Алматыға көшіп, Қазақ ұлттық университетінің Философия-экономика факультетінде оқыдым. Оқумен қатар үлкен тенниспен айналыстым. Одан кейін Ресейдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде әлеуметтану мамандығын тәмамдадым. Менің жастық шағым КСРО-ның ыдырауына тап келді. Халықтың жағдайы күрт нашарлап, экономика құлдырады. 1993 жылы күйеуіммен (ағылшын) Лондон қаласына көшуге шешім қабылдадым. Еуропада жеңіл атлетика өте жақсы дамыған. Әлемнің басты 6 марафонының (Токио, Бостон, Лондон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк) 2-уі Еуропада (Лондон, Берлин) өтеді. Лондонда жүгіру жарыстары көп жағдайда қайырымдылық мақсатта өтеді. Мен үйсіздерге көмектесу үшін, танысыммен жүгіруге шешім қабылдадым. Жарыстарда үнемі 10 шақырымдық сайыстарда бақ сынаймын. Лондон жартылай марафонына қатысқанмын. Әзірше толық марафонды бағындырмадым.
-Астана марафоны жайлы идея қалай туындады?
-2008 жылдың 12 қазанында Лондон корольдік саябақтарындағы жартылай марафонға қатысқан Air Astana-ның желаяқтарын қолдауға келдім. Астана Марафонын ұйымдастыру идеясы Гайд саябағының көк шөбі үстінде Сәуле, Жанар Жайлауова (Эйр Астана) және Ғани Тоқсанбаевпен (Қазақстандағы Кредит Суисстің бұрынғы вице-президенті) әңгімелесіп отырған кезде туды. Тарихқа қарасақ, КСРО уақытында үнемі ұйымдастырылатын марафон тәуелсіздіктен кейін мүлдем өтпепті. Алғашында қоғамда бұл идеямызды қабылдағандар өте аз болды. Себебі, жарысқа қатысу үшін, жарна (ақша) төлеу керек еді. Осылайша, 2009 жылдың 26 қыркүйегінде Астананың орталық саябағында 7 шақырым қашықтықтыққа созылған ең алғашқы жарысымыз өтті. Алғашқы сайысымызға 400-ге жуық қатысушы жиналды. 2010 жылы 10 шақырымға ұзарттық. 2012 жылы жартылай марафон өткізетіндей дәрежеге жеттік. 2015 жылғы 13 қыркүйек Астана тарихындағы ең айтулы күн болды Қазақстан астанасында осы қаладағы жыл сайынғы қайырымдылық 42.2k марафонын өткізуге шешім қабылдадық.
Қызықты факт: Әлемдегі ең танымал Бостон марафоны (іріктеумен 30 мың адам қатысады) ең алғаш 1897 жылы өткен. 18 адам тіркеліп, 15-і сайысқа түскен. 10 адам ғана мәреге жетіпті.
-Неге марафонды Астана қаласында өткізуді шештіңіздер? Өзге қалаларда өткізу идеясы болды ма?
-Астана қаласын таңдауға бірнеше себеп әсер етті. Біріншіден, қыркүйек айында Астана қаласындағы ауа-райы өте қолайлы. Салыстырмалы түрде ауасы таза және экологиялық жағдайы жақсы. Екіншіден, теңіз деңгейінен 347 метр биіктікте орналасқан (Алматы – 787 метр). Жері тегіс болғандықтан, әлем рекордтарын жаңартуға өте қолайлы. Бастысы, Астана – Қазақстанның астанасы.
-14 жыл ішінде Астана марафоны қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Астана марафонының басты жетістігі – 2020 жылы World Atheletics Bronze Label марапатына (рекордтар саналады) ие болған ТМД-дағы алғашқы қала. Екіншіден, Орталық Азия бойынша еркектер мен әйелдердің ең үздік көрсеткіші Астанада тіркелген. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының нормативін орындаған қатысушы спорт шеберлігіне кандидат, спорт шебері атағын ала алады. Төртіншіден, атақты Бостон Марафонына қатысуға мүмкіндік бар (18-34 жастағы ерлерге – 3 сағатта жүгіруі керек, әйелдер – 3 сағат 30 минутта жүгіруі шарт). Бесіншіден, Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алуға болады.
Астана Марафонындағы үздік көрсеткіштер:
- 2015 жыл: Юрий Егер – 2:39:22 (90 қатысушы), Анна Уолтерс – 3:39:25 (12 қатысушы)
- 2016 жыл: Айдын Қасен - 2:38:10 (241 қатысушы), Ақмарал Мейірман – 3:01:25 (29 қатысушы)
- 2017 жыл: Саймон Кипругут Кируи (Кения) - 2:22:47 (249 қатысушы), Гүлжанат Жанатбек – 2:46:16 (38 қатысушы)
- 2018 жыл: Эрик Керинг (Кения) - 2:17:57 (609 қатысушы), Салина Джебет (Кения) – 2:31:09 (89 қатысушы)
- 2019 жыл: Зикирилло Маматкулов (Өзбекстан) - 2:26:10 (638 қатысушы), Юлия Андреева (Қырғыз Республикасы) – 2:28:42 (77 қатысушы)
- 2021 жыл: Владислав Мамедов (Өзбекстан) - 2:24:18 (250 қатысушы), Гульшаной Сатарова (Қырғыз Республикасы) – 2:35:01 (34 қатысушы)
- 2022 жыл: Аман Нұркелді - 2:40:58 (185 қатысушы), Әсел Қабылбекова – 3:38:20 (14 қатысушы)
-Астана марафонын ұйымдастырар сәтте қандай мақсат қойдыңыз? Олар орындалды ма?
-Астана марафонын халықаралық дәрежедегі беделге жеткізуге тырыстым. Бұл мақсатым 2020 жылы орындалды (World Atheletics Bronze Label). Алдағы меже – Қазақстан рекордын одан жақсарта түсу. Басты арманым – Астана марафонында 42,2 шақырымда әлем рекордын жаңарту.
Әлемдік рекорд кімге тиесілі?
2022 жыл. Берлин марафоны. Ерлер бәсекесі. Элиуд Кипчоге (Кения) – 2:01:09
2019 жыл. Чикаго марафоны. Әйелдер бәсекесі. Бриджит Косгей (Кения) – 2:14:04
- -Әлемдік рекордты бұзу үшін, танымал желаяқтар келу керек қой. Бұл бағытта қандай жұмыстар істелуде?-2018 жылы Кения желаяғы Ерик Керинг Астана марафонында топ жарып, Қазақстан рекордын жаңартты. Қазақстан азаматтығын алған Кения тумасы Шедрак Коеч 2018 жылы 10 шақырымда 1-орын алды. Бұл спортшы Алматы Марафонында рекордты жаңартқан. Одан бөлек, Robert Gaitho, Kenneth Rotich, Salina Jebet, Lucy Ndungu (барлығы Кения), 3 Олимпиаданың қатысушысы, Қырғызстан марафоншысы Юлия Андреева Астана марафонына қатысты.
World Athletics ұйымы спортшыларды көрсеткіштеріне қарап алтын, күміс, қола деңгейге бөледі. Деңгейіне байланысты марафоншыны елге шақыру құны да өседі. Гонорардан өзге, атлеттің ұшу билеті, тұратын жері, рекордты жаңартса бонуспен қамтамасыз етіліп, ұйымдастырушы тарапынан да жоғары сыйақы болатынына мән береді.
2022 жылы Астана марафонының жеңімпазына 200 мың теңге, 2-орынға 100 мың теңге, 3-орынға 50 мың теңге сыйақы берілді. 2018 жылы рекорд жаңарған уақытта Астана марафонының жеңімпазына 905 мың теңге, 2-орынға 452 мың теңге, 3-орынға 226 мың теңге сыйақы берілді.
-World Atheletics Bronze Label марапаты тек Астанаға берілді. Марафонды белсенді өткізетін Алматы немесе Түркістан қаласы бұл марапатты алуына мүмкіндігі бар ма?
-Түркістан қаласының жақсы мүмкіндігі бар. Жүгіру трассасы өте жақсы. Тегіс. Ал Алматы бойынша біршама қиындықтар бар. Менің ойымша, биіктікке байланысты оны түзеу де мүмкін емес. Старт пен мәре арасындағы биіктіктің жалпы айырмашылығы 1:1000-нан аспауы керек, яғни км-ге 1 м (0,1%). Яғни, Алматы марафонындағы рекорд ресми тіркелмейді.
Алматы марафонының рекорды: Шедрак Коеч (Кения) - 2:21:27, Александра Каленова (Ресей) – 2:42:44
Түркістан марафонының рекорды: Бахтиор Уткиров (Өзбекстан) - 2:25:34, Тамила Кучкорова – 3:18:36
-Астана марафонына қатысушылардың саны жыл сайын артып келе жатыр ма?
-2015 жылы – 102, 2016 жылы – 270, 2017 жылы – 287, 2018 жылы – 698, 2019 жылы – 715, 2021 жылы – 284, 2022 жылы – 199 марафоншы қатысты. Байқағандарыңыздай, Covid-19 эпидемиясынан кейін қатысушылардың саны күрт төмендеген. Пандемия кезеңінде бұқаралық спортқа негізделген спорт индустриясы қатты зардап шекті. 82% қайырымдылық бағыттағы ұйымдар коронавирус салдарынан ақша алуын тоқтатқанын айтты. Сонымен қатар, жарыстарды өткізудегі шектеулер мен ковидті жұқтыру қорқынышы қатысушылардың санына айтарлықтай әсер етті.
-Астана марафоны елордамыздың дамуына қандай үлес қосты?
-Astana Marathon – салауатты өмір салты идеясын қоғамға енгізді. Басты ерекшелігі – адамды жасына, жынысына, ұлтына, тұратын жеріне, дайындық деңгейі, әлеуметтік деңгейіне бөлмей, барлығына бір трассада өнер көрсетуіне мүмкіндік сыйлайды. Екіншіден, әлемнің түкпір-түкпірінен шетелдік қонақтар елімізге келіп, туризмді дамытуға үлес қосады. Үшіншіден, Астана қаласында желаяқтардың көбеюінің арқасында Ботаникалық саябақ, Триатлон саябағы т.б дайындалатын жерлер ашылып жатыр. Төртіншіден, жүгіруге қызығатындар үшін 10 шақты кәсіби клуб құрылды. Бесіншіден, түрлі жүгіру жарыстары Астанада апта сайын өтеді.
Astana Marathon 1 жылда 2 рет өтеді (көктемде 5, 21 қашықтық, күзде 10, 42 шақырымды қамтиды).
-Марафоннан түскен ақшаны қайырымдылыққа қалай жұмсайсыздар?
-2009 жылдан бастап, Astana Marathon ұйымдастырушылары қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін 40 млн теңгеден астам қаражат жинады. Бұл ақшаға «Аяла» қоғамдық қорының «Тыныс ал, бөбек» жобасы аясында еліміздегі перинаталдық орталықтардың жансақтау бөлімдерін қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықтауға күш салып келеміз.
-Жүгіру өміріңізді қаншалықты өзгертті?
-Жүгіру – бұл жай ғана спорт емес. Ол – физиологиялық үрдіс. Жүгірген сәтте жаңа ойлар туындап, болашаққа жоспар құра аласың. Өз-өзіңмен жеке қала аласың. Ана, әйел, жұмысшы ретіндегі статусымды естен шығарып, тірі ағза екеніңді түсінесің. Бұл – өте бағалы дүние. Тек осылай ғана ішкі жан дүниеңе үңіліп, бүгін, ертең, болашақта не керек екенің түсінесің.
-Әңгімеңізге рақмет!
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Кеше ғана Астана қаласында дәстүрге айналған «Astana Half Marathon» өтті. Осы орайда Elorda.info тілшісі бұқаралық спортты дамытуға өте үлкен қосып жүрген «Аstana Marathon» жобасының басшысы Гаухар Брамлей-Фентонмен сұхбаттасқан еді.