Астана – 25

Елордада өткен жыр додасына 12 жас ақын қатысты

Бүгін Астана қаласының 25 жылдығы және «Байқоңыр» ауданының 5 жылдығы аясында «Еңсесі биік елорда, Байрағы биік «Байқоңыр» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының және елордалық Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткен жыр додасына  12 жас ақын қатысты. 

Ашылу салтанатынан кейін айтыс жүргізушісі болған Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Еркебұлан Қайназаров ортаға алғашқы жұпты шақырды. Жас ақындар елорда, елдік мәртебеміздің маңызы мен мәнін жырға қосты.

IMG-20230707-WA0052.jpg

Жыр додасында Астана қаласы Жазушылар одағының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, қоғам қайраткері Серікзат Дүйсенғазин, Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов, тарихшы, қоғам қайраткері Тұрар Сәттарқызы, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер-ақын Жібек Болтанова төрелік етті. 

IMG-20230707-WA0050.jpg

Аламан айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлде - Нартай Тілеуқұлға бұйырды. Ал 1-ші орынды Мұхтар Қонарбаев, 2-ші орынды Айым Асылбекқызы мен Нәрия Ақбабақызы, 3-ші орынды Абзал Мақаш пен Дәурен Ысқақ иеленді.

Ынталандыру жүлдегерлеріне Ердәулет Ибраев, Назар Мисалбек, Нұртілеу Талибек, Бек Шымат, Сырым Нығызбаев, Сағыныш Смет ие болды. 

Жеңімпаздар мен қатысушыларға демеушілер мен ұйымдастырушылар атынан ақшалай сый ұсынылды.

IMG-20230707-WA0050.jpg

-->