Астана – 25

Елордада қала күніне орай 100-ден астам іс-шара өтеді

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада қала күніне орай безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусым айының 10-нан бастап қаламызда бірқатар мәдени-танымдық, республикалық ірі спорттық іс-шаралар басталып кетті.

Оқи отырыңыз: Астананың 25 жылдығына орай шетелдік әртістер шақырыла ма?

-->

Қала күнін мерекелеу аясында 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Бұл мерекелеуде барлық қала жұртшылығы мен қала қонақтарын толықтай қамтуға тырыстық. Қала күні бүкіл мұсылмандардың қасиетті мерекесі құрбан айтпен тұспа тұс келді, соның негізінде бірқатар қайырымдылық, тазалық іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр.  Алдағы  апта біз үшін маңызды, барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын тамашалауға шақырамын,- деді басқарма басшысы Дәурен Бабамұратов.