Астана – 25

«Елорда балалар көзімен» сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Тұңғыш Президент кітапханасында бірқатар іс-шаралар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Балалардың бойында отансүйгіштік, өз қаласына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты жастайынан оятуға арналған жыл сайынғы «Гүлдене бер, Астана!» балалар мерекесі балаларды да, үлкендерді де қуаныш пен шаттыққа бөледі. Елордалық №86 «Зияткер» балабақшасының тәрбиеленушілері театрландырылған, музыкалық және би нөмірлерімен 
туған қаласына сан қилы әсем де серпінді қойылымдарын арнады.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент кітапханасы мен Астана қаласы әкімдігі әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен «Елорда балалар көзімен» атты сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға 3-5 жас аралығындағы жас суретшілердің 100-ден астам жұмысы келіп түскен.

Маратова Аяна (№ 37 «Арман» ОМ), Тыныбай Тамина (№ 26 «Үміт» ОМ), Қайыржан Жанерке (№ 7 «Аққу» ОМ) үшінші орын иегерлері атанды.

Екінші орын Жарқынбай Гүлсезімге (№ 38 «Шаттық» ОМ), Азатқызы Хадияға (№ 12 «Қарлығаш» ОМ), Әбжани Жәмилаға (№ 88 «Баян сұлу» ОМ) бұйырды.

Бірінші орындарды Асанәлі Адалин (№ 49 «Алтынай» ОМ), Ғалымжанқызы Адия (№ 45 «Самурық» ОМ), Ешенхан Аиша (№ 42 «Бәйшешек» ОМ) иеленді.

Сондай-ақ, елорданың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында өткен «Менің Астанам» қалалық бейнероликтер байқауының да қорытындысы шығарылды.

Тұңғыш Президент кітапханасы Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесіп өткізіп отырған байқаудың мақсаты – жас дарындардың шығармашылық белсенділігін қолдау және дербес жұмысқа деген ынта-ықыласын жандандыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу.

«Шығармашылық ізденіс» номинациясы бойынша № 8 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Әлинұр Мансұрұлы жеңімпаз атанды.

-->