Астананың 25 жылдығына орай «Мен спортты таңдаймын!» республикалық акциясы өтеді
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің сөзінше, ерекше қажеттіліктері бар балаларға жазғы демалыста айрықша көңіл бөлінеді.
Осы бағытта «Children Paralympic Games 2023» инклюзивті спорт фестивалі өткізіледі. Оған еліміздің барлық өңірінен ерекше балалар қатысатын болады.
-->Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жазғы демалыс кезінде мәдениет саласында 500-ден астам, спорт және туризм салаларында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатын болады. Бүгінде мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында үйірмелер мен секциялардың 114 түрі қызмет етуді жалғастыруда. Сонымен қатар 23 маусымда еліміздің барлық өңірінде елорданың 25 жылдығын мерекелеуге және Халықаралық Олимпиада күніне орайластырылған «Мен спортты таңдаймын!» республикалық акциясы басталады, - деді А.Оралов.