2001 жылы Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға жеткізілді
2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел II Астанаға ұшып келді. Осы жылы «Астана ақшамы» газеті не жайында жазды?
Күллі түркілердің Күлтегіні
Мамыр айында елордамыздың төрінде ұлт руханиятын асқақтатқан айтулы оқиға болды. Аты әлемге әйгілі Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Қазақ елінің ордасы – Астана қаласына жеткізілді. Күллі түркілердің көк семсері атанған Күлтегін ескерткішінің ашылу рәсімі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті. Жиынға арнайы келген Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіштің ақ пердесін өз қолымен түсірді. жиналғандарды маңызы зор, құнды жәдігердің Астанаға оралуымен құттықтап, осынау көне туынды тәуелсіздік туы астында жаңғырған тарлан тарихымыздың татымды жемісі екенін атап айтты. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған бұл істі аяғына дейін абыроймен жеткізген азамат – Иманғали Тасмағамбетов газетте жарияланған мақаласын «Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші» деп атады.
Қош келдіңіз, қасиетті қария!
Benvenuto, Santo Padre!
22 қыркүйекте күллі әлем Қазақстанға көзін тікті. Сол күні Рим Папасы Иоанн Павел II бас қаламызға ұшып келді. Қасиетті тақтың билеушісі, Петрдің 263-інші мұрагері, 95-інші шетелдік сапарында 127-нші ел – Қазақстанның дәмін татты. Халықаралық әуежайдан мәртебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ресми делегация күтіп алды. Қазақ даласына алғаш рет аяқ басқан Ватикан мемлекетінің басшысы ыстық ықыласпен қарсы алған қауымға алғыс айтып, қазақ топырағын сүйді.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев: «Осыдан 16 жыл бұрын мұсылман жастарымен кездесуде Сіз христиандар мен мұсылмандарды көп нәрсе біріктіреді, бүгін осы екі әлемнің достығы мен ауызбірлігі өте қажетті деген едіңіз» деп атап өтті. Рим Папасы өз кезегінде «Көп ұлттар мен түрлі көзқарастағы адамдар тұратын сүттей ұйыған тірлігі бар Қазақстанның жаңа астанасына келуді жазған Жаратқанға мың да бір алғыс айтамын» деді. Бұдан кейін Қасиетті тақтың билеушісі Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етті.
«Отырар» кітапханасы ашылды
2001 жылдың елеулі оқиғаларының бірі елордамызда «Отырар» кітапханасының ашылуы болды. Салтанатты рәсімге қатысқан вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов: «Отырар» кітапханасы рухани түлеуіміздің нақты бір нышаны» деп бағалады. Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев «Отырарды» «ұлттық рухани жаңғырудың девизі» деп қабылдау керектігін айтты.
«Астана» Еуропа мен Азияға аттанды
«Астана» халықаралық туристік журналының алғашқы саны жарыққа шықты. 5000 данамен таралатын басылымның көп бөлігі Еуропа пен Азия елдеріне тарайды. Журнал бетінде қаланың тарихы, аумақтық және географиялық ерекшеліктері, сонымен қатар өңірдің мәдени, іскерлік, өндірістік әлеуеті таныстырылған. Оқырман назарына қаланың келбетін ғана таныстырып қоймай, Қорғалжын қорығы мен Бурабай курорты жайында да кеңінен мағлұмат береді. Қазақ халқының қонақжайлығы мен салт-дәстүрін дәріптеу де назардан тыс қалмады.
Арнайы экономикалық аймағымыз бар
29 маусым күні Мемлекет басшысы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты елімізге инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар құруды көздейді. Арнайы экономикалық аймақ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілді. Онда әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекеге қабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған.
-->