Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Күннің соңына қар жаууы ықтимал. 

Күндіз ауа температурасы +8, +10 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндізгі екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.