Әртүрлі

Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды

Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді,деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай фактілер анықталса тиісті шара қолдану үшін «102» арнасына хабарласуды сұрайды. Қала меншігіне ұқыпты қарауға және бұзақылық әрекеттері үшін жазаның күшейтілгенін еске салады.

Мәселен елордада жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 900-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 адамға айыппұл салынды.

Атап айтқанда 32 жастағы Астана тұрғыны бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Бұған дейін ер адам халықаралық әуежайдың тұрағынан шығып бара жатып, қолымен автоматты шлагбаумды көтеріп, сол арқылы өз әрекетімен бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген.

Бұл қылмыс екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.

-->