Жыл басынан бері елімізде 38 адам судан құтқарылды
Соңғы үш жылда суда 1 мыңнан астам адам көз жұмды. Былтыр азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде 221 адамды, биыл жыл басынан бері 38 адамды құтқарды. Әрбір азамат судағы қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, 2023 жылы толтырылған хаттамалар саны 2022 жылмен салыстырғанда 10%-ға, ал 412-бабындағы «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» тармағы бойынша 7 есе көп болған.
Сондай-ақ ол жағажайда қауіпсіз демалу ережелерін еске салды. Ең бастысы – балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересек адамсыз шомылуына жол бермеу.
- Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде, сондай-ақ «шомылуға тыйым салынған», «сүңгуге тыйым салынған», «Қауіпті! Иірім!» белгілері тұрған орындарда шомылмау;
- Мас күйінде шомылуға болмайды;
- Жүзу шекараларын белгілейтін белгілерден тыс жүзуге болмайды;
- Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарының жанында жүзуге болмайды;
- Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
- Жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
- Қайықтардан, айлақтардан, табиғи түзілімдерден, жартастардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу.
Оқыс оқиға орын алған жағдайда шұғыл түрде ҚР ТЖМ «112» телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.
-->Оның айтуынша, 2023 жылы толтырылған хаттамалар саны 2022 жылмен салыстырғанда 10%-ға, ал 412-бабындағы «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» тармағы бойынша 7 есе көп болған.
«Бұл жұмыстың нәтижесі – судағы өлім санының азаюы. Тыйым салынған жерде шомылғаны үшін айыппұл төлеген адам келесі жолы ол жаққа бармайтынын, қауіпсіз, жабдықталған жерде демалатынын көріп отырмыз», - деді А.Советов.