Әртүрлі

Журналиске мәртебе берілгені қуантады – медиа-тренер

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңнаманың бұрынғыдан өзгешеліктері қандай? Elorda.info тілшісі бұл туралы медиа-тренер Салтанат Әскербекқызының пікірін білді.

Сарапшымыз бірінші кезекте журналистерді аккредиттеу мәселесіне тоқталды.

Сондай-ақ, ол журналистер сұрағына жауап беру мерзімі 7 күннен 5 күнге қысқаруын жақсы аспекті ретінде бағалады.

-->

Алдымен, журналистердің еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалуы маңызды. Қазіргідей журналистерге сенімсіздік көрсетілмеуі қажет. Ашықтық болса, олар еркін жұмыс істей алады. Дегенмен аккредиттеуді белгілі бір орган жазатыны анықталды, бұл тұста журналистер алаланбайтын шығар деген үміттеміз. Өйткені  редакцияның меншік түріне, формасына қарай бөліп-жару, республикалық БАҚ немесе аймақтық ақпарат көздері деп әр қалай қарау – олардың кәсіби жұмысына шектеу қою болып табылады, - деді С.Әскербекқызы.

Сондай-ақ, ол журналистер сұрағына жауап беру мерзімі 7 күннен 5 күнге қысқаруын жақсы аспекті ретінде бағалады.

«Қалай болғанда да сауалға жауап беру мерзімінің қысқарғаны жақсы. Алайда ақпараттың дамыған заманында ешкім 5 күн күтіп отырмайтын шығар деп ойлаймын. Дегенмен жауапкершілікті бекіту өз алдына, оның орындалуын қадағалау қажет. Өйткені кей журналистердің айлап емес, жылдап жауап ала алмай жүргенін білемін. Сондықтан осы тұсы жалпылама айтылмай, нақтылана түскені дұрыс деп есептеймін.

Ал журналиске мемлекетке, жекеменшікке де жатпайтын ақпарат құралы өкілі ретінде мәртебе берілгені мені қуантады. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру жайлы жақсы жазылыпты, бұл керек деп ойлаймын, - деді ол.