Жол ережесін бұзған жүргізушіге 6,5 миллион теңге айыппұл салынды
Алматы полициясы 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның құрығына Zeekr маркалы автокөлігі түскен. Полиция дерегінше, оның жүргізушісі 189 рет жол ережесін бұзыпты.
-->Жергілікті полицияның құрығына Zeekr маркалы автокөлігі түскен. Полиция дерегінше, оның жүргізушісі 189 рет жол ережесін бұзыпты.
Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.