Әртүрлі

Мереке Қалбаева: «Арсен үй қамақта»

Өнер иесі Мереке Қалбаева Instagram желісіндегі парақшасында күйеуі Арсен Акиевтің ұсталғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мереке Қалбаева бастапқыда әзілге толы мәтін қалдырды.

Ал желі оқырмандары әзілкештің әзілі орынсыз деп тапты. Олар Мереке Қалбаеваға түрлі пікір жазып қалдырып, тек жақсы сөйлеуге шақырды. Осы ретте әзілкеш күйеуінің шынымен қамалуға шақ қалғанын айтты.

-->

Мереке Қалбаева бастапқыда әзілге толы мәтін қалдырды.

 «Осыдан 6 жыл бұрын Арсен Акиевті өз қамауыма алған болатынмын. Әлі менің үй қамағымда, айналайындар. Тыныш жүрейікші. Жақсы жаңалықтар көп болсын», - деді ол.

Ал желі оқырмандары әзілкештің әзілі орынсыз деп тапты. Олар Мереке Қалбаеваға түрлі пікір жазып қалдырып, тек жақсы сөйлеуге шақырды. Осы ретте әзілкеш күйеуінің шынымен қамалуға шақ қалғанын айтты.

«Мұндай жағдай барлығының басына түсуі мүмкін. Екі апта бұрын біз де дәл сондай жағдайға тап болдық. Өз есігіміздің алдынан Арсеннің қолын қайырып алып кетуге сәл қалды. Ондай кезде ең керегі сабыр екеніне көзім жетті. Сондықтан түсініп алайық. Әзілдесек те, өзімізді әзілдеп отырмыз», - деп түсіндірді Мереке Қалбаева.