Ұжымдық қауіпсіздікті нығайту үшін кешенді жұмыстар жалғаса береді – Президент
Бүгінгі таңда кибер қылмыскерлер қолданатын қару түрлері тез өзгеріп жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Президент қару-жарақтың заңсыз айналымымен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуды, ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылды ортақ жұмыстың маңызды бағыттары деп санайды.
Қазіргі жағдайда қауіп-қатердің сипаты мен кибер қылмыскерлер қолданатын қару түрлері де тез өзгеріп жатыр. Мұны біздің негізгі құралымыз – ҰҚШҰ-ның ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі «ПРОКСИ» операциясын іске асыру кезінде ескеру керек деп санаймыз, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде жүзеге асыру үшін айқындалған басымдықтар жуық арада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге жолданатынын айтты. Мемлекет басшысы Ұйымға мүше елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайту және оны одан әрі дамыту үшін кешенді жұмыстар жалғаса беретініне сенім білдірді.
-->Президент қару-жарақтың заңсыз айналымымен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуды, ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылды ортақ жұмыстың маңызды бағыттары деп санайды.