Әртүрлі

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы конкурсына онлайн дауыс беру басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дауыс беру 15 номинация бойынша 20-29 қыркүйек аралығында өтеді.

Сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарға, волонтерлік ұйымдарға беріледі.