Әртүрлі

Жыл басынан бері газ баллоны жарылысынан 6 адам қаза тапты

ТЖМ азаматтарды тұрмыстық газды пайдалану ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл  басынан бері газ-ауа қоспасының жарылуы немесе тарсылының 7 жағдайы тіркелді. Онда 6 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды. Бұл жағдайлар Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында орын алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

ТЖМ азаматтарды газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

- екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;

- баллон корпусының қызуына жол бермеңіз;

- үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жауып, пәтерді желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр қуатын қоспау керек;

- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;

- балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

- газдың ағып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз: бұл мақсатта сабын ерітіндісін қолданыңыз.

-->

Бүгін түнде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде жалпы ауданы 300 ш.м. жарылыс болды. Нәтижесінде пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен жабындар толығымен құлады. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында үйінділерден 2 адамның денесі және 5 жарақат алған адам шығарылды. Олардың ішінде 3 бала бар, - деп жазылған хабарламада.