Жыл басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы 30%-дан артқан
2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлан Қойшыбаевтың айтуынша, соңғы бес жылда контейнерлік транзит үш есеге өсіп, 1 млн-нан астам жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ) жеткен. Негізгі өсім Қытай – Еуропа – Қытай бағытында болды.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында жүкті транзиттік тасымалдау көлемі 2022 жылдың ұқсас көрсеткішінен 35% есе өсіп, 7,2 млн тоннаны құрады. Оның ішінде контейнерлік тасымал 19%-ға өсіп, 313 мың ЖФЭ-ге жетті.
-->2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлан Қойшыбаевтың айтуынша, соңғы бес жылда контейнерлік транзит үш есеге өсіп, 1 млн-нан астам жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ) жеткен. Негізгі өсім Қытай – Еуропа – Қытай бағытында болды.
2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы тарихта алғаш рет ең жоғары деңгейге – 23 млн-нан астам тоннаға жетті. Биыл да өсу қарқыны сақталуда. Алғашқы үш айда екі ел арасындағы жүк айналымы 30% - дан артты. Егер Қазақстанның Қытайға жөнелтілген жеке экспортын айтар болсақ, ол бірінші тоқсанда 53%-ға өсті. Біз жүк айналымының ары қарайғы өсу әлеуетін байқап отырмыз, осы бағытта қарқынды жұмыс істейтін боламыз, - деді ҚТЖ төрағасының орынбасары.