Әртүрлі

Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды

Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды.

Ішкі істер министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

  • қораларды бекітіп, малды қараусыз қалдырмау керек;
  • асыл тұқымды малды бақылауға алу мақсатында заманауи тәсілдерді кеңінен қолдану қажет;
  • малды үнемі есепке алып отыру, чиптеу, сырғалау және ен салу керек.